Сифлокс в таблетках — инструкция по применению

Инструкция по применению сифлокса в таблетках, описание действия препарата, показания к применению таблеток сифлокса, взаимодействие с другими лекарствами, применение сифлокса (таблетки) при беременности. Инструкции:
Торговое название: Сифлокс
Международное название: Ципрофлоксацин
Лекарственная форма: Таблетки, покрытые пленочной оболочкой 250 мг
Показания к применению:
Атс классификация:
J Противомикробные средства для системного применения
J01 Антибактериальные средства для системного применения
J01M Антибактериальные средства группы хинолонов
J01M A Фторхинолоны
Фарм. группа:
Антибактериальные препараты для системного использования. Противомикробные препараты – производные хинолона. Фторхинолоны. Ципрофлоксацин. Код АТХ J01MA02
Условия хранения:
Хранить в сухом, защищённом от света месте, при температуре не выше 25 °С. Хранить в недоступном для детей месте!
Срок хранения:
3 года. Не применять по истечении срока годности!
Условия продажи: По рецепту
Описание:
Круглые двояковыпуклые таблетки, покрытые пленочной оболочкой от белого до беловато-кремового цвета.

Состав сифлокса в таблетках

Одна таблетка содержит
Бір таблетканың құрамында

Активное вещество сифлокса

ципрофлоксацина гидрохлорида моногидрат 291,1 (эквивалентно ципрофлоксацину 250 мг)
291,1 ципрофлоксацин гидрохлориді моногидраты (250 мг ципрофлоксацинге баламалы)

Вспомогательные вещества в сифлоксе

крахмал кукурузный, целлюлоза микрокристаллическая, кросповидон, кремния диоксид коллоидный, магния стеарат, состав пленочной оболочки - Opadry White OY-S-28842: гидроксипропилметилцеллюлоза 2910 5 спз, полиэтиленгликоль 4000, титана диоксид (Е 171)
жүгері крахмалы, микрокристалды целлюлоза, кросповидон, коллоидты кремнийдің қостотығы, магний стеараты, үлбірлі қабық құрамы - Opadry White OY-S-28842: гидроксипропилметилцеллюлоза 2910 5 спз, полиэтиленгликоль 4000, титанның қостотығы (Е 171)

Показания к применению таблеток сифлокса

Бактериальные инфекции, вызванные восприимчивыми микроорганизмами:
  • острый синусит (вызванный Haemophilus influenzae, Streptococcus pneumoniae или Moraxella catarrhalis), мастоидит, тонзиллит, фарингит)
  • инфекции нижних дыхательных путей (вызванные Escherichia coli, Klebsiella pneumoniae, Enterobacter cloacae, Proteus mirabilis, Pseudomonas aeruginosa, Haemophilus influenzae, Haemophilus parainfluenzae или Streptococcus pneumoniae). Сифлокс также предназначен для обработки острых рецидивов хронического бронхита, вызванного Moraxella catarrhalis.
  • инфекции мочевыводящих путей (вызванные Escherichia coli, Klebsiella pneumoniae, Enterobacter cloacae, Serratia marcescens, Proteus mirabilis, Providencia rettgeri, Morganella morganii, Citrobacter diversus, Citrobacter freundii, Pseudomonas aeruginosa, Staphylococcus epidermidis, Staphylococcus saprophyticus или Enterococcus faecalis)
  • острый цистит без осложнений у женщин (вызванный Escherichia coli или Staphylococcus saprophyticus)
  • хронический бактериальный простатит (вызванный Escherichia coli или Proteus mirabilis)
  • сложные внутрибрюшные инфекции (вызванный Escherichia coli, Pseudomonas aeruginosa, Proteus mirabilis, Klebsiella pneumoniae или Bacteroides fragilis - используется в сочетании с метронидазолом)
  • инфекции кожи и мягких тканей (вызванный Escherichia coli, Klebsiella pneumoniae, Enterobacter cloacae, Proteus mirabilis, Proteus vulgaris, Providencia stuartii, Morganella morganii, Citrobacter freundii, Pseudomonas aeruginosa, восприимчивые к метициллину Staphylococcus aureus, Staphylococcus epidermidis and Streptococcus pyogenes)
  • инфекции костей и суставов (вызванные Enterobacter cloacae, Serratia marcescens и Pseudomonas aeruginosa)
  • инфекционная диарея (вызванная Escherichia coli (энтеротоксигенные штаммы), Campylobacter jejuni, , Shigella boydii, Shigella dysenteriae, Shigella flexneri и Shigella sonnei, когда антибактериальная терапия необходима),
  • тиф (вызванный Salmonella typhi)
Примечание: не была показана эффективность ципрофлоксацина в ликвидации хронического тифозного бациллоносительства.
  • цервикальная и мочеиспускательная гонорея без осложнений (Neisseria gonorrhoeae)
Если есть подозрение в инфицировании анаэробными организмами, то необходимо проводить соответствующую терапию.
Сезімтал микроорганизмдерден туындайтын бактериялық жұқпалар:
  • жедел синусит (Haemophilus influenzae, Streptococcus pneumoniae немесе Moraxella catarrhalis туындаған), мастоидит, тонзиллит, фарингит)
  • төменгі тыныс алу жолдарының жұқпалары (Escherichia coli, Klebsiella pneumoniae, Enterobacter cloacae, Proteus mirabilis, Pseudomonas aeruginosa, Haemophilus influenzae, Haemophilus parainfluenzae немесе Streptococcus pneumoniae туындаған). Сифлокс сондай-ақ Moraxella catarrhalis туындаған созылмалы бронхиттің жедел рецидивтерін өңдеу үшін де арналған.
  • несеп шығару жолдарының жұқпалары (Escherichia coli, Klebsiella pneumoniae, Enterobacter cloacae, Serratia marcescens, Proteus mirabilis, Providencia rettgeri, Morganella morganii, Citrobacter diversus, Citrobacter freundii, Pseudomonas aeruginosa, Staphylococcus epidermidis, Staphylococcus saprophyticus немесе Enterococcus faecalis туындаған)
  • әйелдердегі асқынбаған жедел цистит (Escherichia coli немесе Staphylococcus saprophyticus туындаған)
  • созылмалы бактериялық простатит (Escherichia coli немесе Proteus mirabilis туындаған)
  • күрделі құрсақішілік жұқпалар (Escherichia coli, Pseudomonas aeruginosa, Proteus mirabilis, Klebsiella pneumoniae немесе Bacteroides fragilis туындаған - метронидазолмен үйлесімде пайдаланылады)
  • терінің және жұмсақ тіндердің жұқпалары (Escherichia coli, Klebsiella pneumoniae, Enterobacter cloacae, Proteus mirabilis, Proteus vulgaris, Providencia stuartii, Morganella morganii, Citrobacter freundii, Pseudomonas aeruginosa, метициллинге сезімтал Staphylococcus aureus, Staphylococcus epidermidis and Streptococcus pyogenes туындаған)
  • сүйектердің және буындардың жұқпалары (Enterobacter cloacae, Serratia marcescens және Pseudomonas aeruginosa туындаған)
  • жұқпалы диарея (Escherichia coli (энтеротоксигенді штамдар), Campylobacter jejuni, Shigella boydii, Shigella dysenteriae, Shigella flexneri және Shigella sonnei туындаған, антибактериялық ем қажет болғанда),
  • тиф (Salmonella typhi туындаған)
Ескерту: созылмалы тифозды бацилла тасымалдаушылықты жоюда ципрофлоксациннің тиімділігі көрсетілмеген.
  • цервикальді және несеп шығару жолдарында асқынбаған созда (Neisseria gonorrhoeae)
Анаэробты организмдерден жұқпалануға күдік болса, онда тиісті ем жүргізу керек.

Противопоказания сифлокса в таблетках

  • повышенная чувствительность к препарату или к наполнителям препарата
  • детский и подростковый возраст до 18 лет
  • беременность и период лактации
  • одновременный прием Сифлокса и Тизанидина
C осторожностью. Выраженный атеросклероз сосудов головного мозга, нарушение мозгового кровообращения, психические заболевания, эпилепсия, эпилептический синдром, выраженная почечная и/или печеночная недостаточность, пожилой возраст.
  • препаратқа немесе препарат толтырғыштарына жоғары сезімталдық
  • 18 жасқа дейінгі балалар мен жасөспірімдерге
  • жүктілік және лактация кезеңі
  • Сифлокс пен Тизанидинді бір мезгілде қабылдау
Cақтықпен. Ми тамырларының айқын атеросклерозы, ми қан айналымының бұзылуы, психикалық аурулар, эпилепсия, эпилепсиялық синдром, айқын бүйрек және/немесе бауыр жеткіліксіздігі, егде жас.

Побочные действия таблеток сифлокса

  • боль в ногах
  • ощущение сердцебиения, фибрилляция предсердий, эктопический желудочковый ритм, потеря сознания, артериальная гипертензия, стенокардия, инфаркт миокарда, кардиопульмональный шок, тромбоз сосудов головного мозга
  • головокружение, кошмарные сновидения, галлюцинации, маниакальные реакции, раздражительность, атаксия, судорожные припадки, вялость, сонливость, слабость, недомогание, анорексия, фобии, деперсонализация, парестезия
  • болезненность слизистой полости рта, кандидоз ротовой полости, дисфагия, прободение кишечника, желудочно-кишечное кровотечение, холестатическая желтуха
  • артралгия, боль в спине, тугоподвижность суставов, боль в области шеи или в груди, резкое обострение подагры
  • интерстициальный нефрит, полиурия, задержка мочеиспускания, кровотечение из мочеиспускательного канала, вагинит, ацидоз, болезненность в молочных железах
  • одышка, носовое кровотечение, отек гортани или легких, икота, кровохарканье, бронхоспазм, тромбоэмболия легочной артерии
  • покраснение лица, отек лица, шеи, губ, слизистой оболочки глаз, рук, кожный кандидоз, гиперпигментация
  • нечеткость зрения, нарушение цветового восприятия, повышенная светочувствительность, снижение остроты зрения, диплопия, боль в глазах, шум в ушах, потеря слуха, нарушение вкусовых ощущений
Постмаркетинговые побочные эффекты (связанные с широким использованием хинолонов, включая ципрофлоксацин без учета взаимодействия лекарственных препаратов):
  • тревожное возбуждение, спутанность сознания, бред, токсический психоз, периферическая нейропатия, реакции фотосенсибилизации/фототоксические реакции, гиперестезия, аносмия, обострение тяжелой псевдопаралитической миастении, миоклония, нистагм, потеря вкусовых ощущений, гипестезия, миалгия
  • агранулоцитоз, повышение уровня холестерина в сыворотке крови, повышение уровня глюкозы крови, гемолитическая анемия, (угрожающее жизни) подавление деятельности костного мозга, пангемоцитопения, метгемоглобинемия, изменение уровня фенитоина в сыворотке крови и повышение уровня калия, удлинение протромбинового времени, повышение уровня триглицеридов в сыворотке крови
  • альбуминурия, кандидурия, камни в почках
  • запоры, расстройство желудка, дисфагия, метеоризм, желтуха, печеночная недостаточность (включая смертельные случаи), некроз печени, панкреатит, псевдомембранозный колит
  • постуральная гипотензия, гипертония, васкулит
  • тендинит, разрывы сухожилий
  • анафилактические реакции, экссудативная эритема, эксфолиативный дерматит, синдром Стивенса-Джонсона, токсический эпидермальный некролиз
  • кандидоз (влагалища, полости рта)
  • аяқтың ауыруы
  • жүрек соғуын сезіну, жүрекшелер фибрилляциясы, эктопиялық қарынша ырғағы, естен тану, артериялық гипертензия, стенокардия, миокард инфарктісі, кардиопульмональді шок, ми тамырларының тромбозы
  • бас айналу, шым-шытырық түстер көру, елестеулер, маниакальді реакциялар, ашушаңдық, атаксия, құрысу ұстамалары, сылбырлық, ұйқышылдық, әлсіздік, дімкәстану, анорексия, фобиялар, деперсонализация, парестезия
  • ауыз қуысы шырышының ауырсынуы, ауыз қуысы кандидозы, дисфагия, ішектің тесілуі, асқазан-ішектен қан кету, холестаздық сарғаю
  • артралгия, арқаның ауыруы, буындардың қарысып қалуы, мойын немесе кеуде аумағындағы ауыру, подаграның күрт өршуі
  • интерстициальді нефрит, полиурия, несеп шығару іркілісі, несеп шығару өзегінен қан кету, вагинит, ацидоз, сүт бездеріндегі ауырсыну
  • ентігу, мұрыннан қан кету, көмейдің немесе өкпенің ісінуі, ықылық ату, қан түкіру, бронх түйілу, өкпе артериясының тромбоэмболиясы
  • беттің қызаруы, беттің, мойынның, еріннің, көздің шырышты қабығының, қолдың ісінуі, тері кандидозы, гиперпигментация
  • анық көрмеу, түстерді нашар ажырату, жарыққа жоғары сезімталдық, көру өткірлігінің төмендеуі, диплопия, көздердің ауыруы, құлақтың шуылдауы, естімей қалу, дәм сезудің бұзылуы
Постмаркетингтік жағымсыз әсерлер (дәрілік препараттардың өзара әрекеттесуін есептеусіз, ципрофлоксацинді қоса, хинолондарды кеңінен пайдаланумен байланысты):
  • үрейлі қозу, сананың шатасуы, сандырақтау, уытты психоз, шеткергі нейропатия, фотосенсибилизация реакциялары/фотоуыттылық реакциялары, гиперестезия, аносмия, ауыр жалған салдану миастениясының өршуі, миоклония, нистагм, дәм сезбей қалу, гипестезия, миалгия
  • агранулоцитоз, қан сарысуындағы холестерин деңгейінің жоғарылауы, қан глюкозасы деңгейінің көтерілуі, гемолитикалық анемия (өмірге қатерлі), сүйек кемігі қызметінің бәсеңдеуі, пангемоцитопения, метгемоглобинемия, қан сарысуындағы фенитоин деңгейінің өзгеруі және калий деңгейінің көтерілуі, протромбин уақытының ұзаруы, қан сарысуындағы триглицеридтер деңгейінің артуы
  • альбуминурия, кандидурия, бүйрек тастары
  • іш қатулар, асқазан бұзылысы, дисфагия, метеоризм, сарғаю, бауыр жеткіліксіздігі (өлім жағдайларын қоса), бауыр некрозы, панкреатит, жалған жарғақшалы колит
  • постуральді гипотензия, гипертония, васкулит
  • тендинит, сіңірлердің үзілуі
  • анафилактикалық реакциялар, экссудатты эритема, эксфолиативті дерматит, Стивенс-Джонсон синдромы, уытты эпидермалық некролиз
  • кандидоз (қынапта, ауыз қуысында)

Особые указания к применению

Сифлокс может вызывать реакции со стороны центральной нервной системы, которые могут приводить к тремору, напряжению, головокружению, спутанности сознания, галлюцинациям и судорогам в редких случаях. В связи с этим Сифлокс должен применяться с осторожностью у пациентов с расстройствами центральной нервной системы, включающих артериосклероз головного мозга и эпилепсию. Сифлокс должен применяться у пациентов с судорогами в анамнезе только после начала адекватной противосудорожной терапии.

Случаи полинейропатии (на основании неврологических симптомов, таких, как боли, жжение, нарушения чувствительности или мышечная слабость, по отдельности или в комбинации) встречались у пациентов, получавших ципрофлоксацин. Сифлокс следует отменить у пациентов с симптомами нейропатии, включая боли, жжения, покалывания, онемение, и/или слабость с целью предотвращения развития необратимых нарушений.

Имеются случаи о серьезных и фатальных реакциях у пациентов, параллельно применяющих ципрофлоксацин и теофиллин. Эти реакции включали остановку сердца, судороги, эпилептическое состояние и нарушение дыхания. Хотя эти сообщения касаются подобных серьезных отрицательных воздействий у пациентов, получающих только теофиллин, но возможность, что эти реакции могут быть вызваны ципрофлоксацином, не была исключена. Если сопутствующего использования нельзя избежать, то уровень теофиллина в сыворотке должен быть проверен и внесены соответствующие корректировки дозировки.

Терапия хинолонами может быть связана с реакциями гиперчувствительности, даже после однократного приема. Терапия Сифлоксом должна прекращаться при первых признаках аллергической реакции. При тяжелых анафилактических реакциях требуется немедленная неотложная помощь.

Как и в случае терапии другими лекарственными препаратами, есть упоминания о серьезных аллергических реакциях, характеризуемых сыпью, лихорадкой, эозинофилией, желтухой и печеночным некрозом с фатальным результатом, у нескольких пациентов, принимающих ципрофлоксацин. Не может быть исключена вероятность, что эти реакции были связаны с ципрофлоксацином. Применение ципрофлоксацина должно быть прекращено, как только проявляются кожная сыпь или любой другой симптом аллергии.

Лечение антибактериальными препаратами изменяет нормальную флору кишечника и может вызывать чрезмерно быстрый рост Clostridia. Исследования показывают, что токсин, произведенный Clostridium difficile, является одной из основных причин “вызванного антибиотиками колита”.

После установления диагноза псевдомембранного колита должны быть приняты соответствующие терапевтические меры. Умеренные случаи псевдомембранного колита обычно проходят сразу после прекращения приема препарата. При умеренном до серьезного случаях должно быть уделено внимание лечению жидкостями и электролитами, дополнением белка и лечением антибактериальным препаратом, клинически эффективным против колита, вызванного C. difficile.

При применении практически всех антибактериальных средств, включая Сифлокс, имел место псевдомембранозный колит. В связи с этим, важно иметь в виду данный диагноз у пациентов с диареей, развивающейся после начала приема антибактериальных средств.

Как и в случае с другими антимикробными средствами широкого спектра действия, длительное применение Сифлокса может приводить к избыточному росту нечувствительных микроорганизмов и суперинфекции. Как и в случае с другими сильно действующими препаратами, на фоне длительной терапии рекомендуется периодическая оценка функций органов и систем, включая почечные, печеночные и гемопоэтические функции.

Имели место случаи кристаллурии, связанные с применением Сифлокса. Пациенты, получающие Сифлокс, должны хорошо гидратироваться, и необходимо избегать избыточной щелочной реакции мочи.

CYP450: Ципрофлоксацин - ингибитор пути печеночного CYP1A2 фермента. Coвместное применение ципрофлоксацина с другими лекарственными препаратами, прежде всего метаболизируемыми CYP1A2 (например, теофиллин, метилксантины, тизанидин), приводит к увеличенным концентрациям в плазме препаратов, вводимых совместно, и может привести к клинически значительным фармакодинамическим побочным эффектам вводимых совместно препаратов.

Тяжелые инфекции и микст – инфекции грамм – положительными и анаэробными патогенами.

Монотерапия ципрофлоксацином не предназначена для лечения тяжелых инфекций и инфекций, возможно, вызванных грамм – позитивными или анаэробными патогенами. При таких инфекциях ципрофлоксацин следует применять совместно с прочими адекватными антибактериальными препаратами.

Стрептококковые инфекции (включая вызванные Streptococcus Pneumoniae).
Ципрофлоксацин не рекомендуется к применению с целью терапии стрептококковых инфекций ввиду неадекватного уровня эффективности.

Инфекции мочеполовых путей.
Фторхинолон – резистентные гонококковые уретриты, цервициты, эпидидимо – орхиты и воспалительные процессы малого таза могут вызываться изолированными штаммами Neisseria Gonorrhoeae. Следовательно, ципрофлоксацин следует применять для терапии гонококковых уретритов или цервицитов только в случае исключения ципрофлоксацин – резистентных микроорганизмов. Для терапии эпидидимо – орхитов и воспалительных процессов малого таза эмпирическое применение ципрофлоксацина следует рассматривать только в комбинации с прочими адекватными антибактериальными веществами (например, цефалоспорин), если только ципрофлоксацин – резистентные микроорганизмы не исключены на основании данных. Если клинического улучшения нет на третьи сутки терапии, ее следует отменить.

Инфекции мочевых путей.
Резистентность к фторхинолонам со стороны кишечной палочки – наиболее часто встречаемого патогена, задействованного в развитии инфекций мочевых путей – вариабельна на территории Европейского Союза. Врачам рекомендуется учитывать местную распространенность резистентной к фторхинолонам кишечной палочки. Однократное введение ципрофлоксацина по оценкам связано с более низкой эффективностью, чем длительная терапия. Это также следует принимать во внимание относительно повышающегося уровня резистентности кишечной палочки к хинолонам.

Внутриабдоминальные инфекции.
Имеется ограниченный объем данных относительно эффективности терапии послеоперационных внутриабдоминальных инфекций.

Диарея путешественников.
При выборе ципрофлоксацина следует учитывать информацию по резистентности к ципрофлоксацину релевантных патогенов в посещаемых странах.

Инфекционные патологии костей и суставов.
Ципрофлоксацин следует применять в комбинации с прочими антибактериальными веществами в зависимости от результатов микробиологического исследования.

Скелетно – мышечная система.

В целом ципрофлоксацин не следует применять у пациентов с заболеваниями / нарушениями сухожильной ткани в анамнезе, связанных с применением ципрофлоксацина. Тем не менее, в очень редких случаях, после микробиологического исследования этиологического агента и тщательного анализа соотношения риска и выгоды ципрофлоксацин можно назначать таким пациентам для терапии некоторых тяжелых инфекций, в частности в случае неудачи стандартной терапии или наличия резистентности микроорганизмов при условии, что микробиологическое обследование обосновывает применение ципрофлоксацина.

В условиях применения ципрофлоксацина могут развиваться тендиниты и разрывы сухожилий (особенно Ахиллова сухожилия), иногда в двухстороннем варианте, и даже в первые 48 часов после начала терапии. Воспаления и разрывы сухожилий могут происходить даже по прошествии нескольких месяцев после отмены терапии ципрофлоксацином. Риск тендинопатии может повышаться у пожилых пациентов или пациентов, одновременно получающих терапию кортикостероидами.

При наличии любых симптомов тендинита (например, болезненный отек, воспаление), терапию ципрофлоксацином следует отменить. Следует соблюдать покой пораженной конечности.

Ципрофлоксацин следует применять с осторожностью у пациентов с тяжелой псевдопаралитической миастенией.

Фотосенсибилизация.
Ципрофлоксацин, как было доказано, вызывает реакции фотосенсибилизации. Пациентам, принимающим ципрофлоксацин, следует избегать прямого контакта с солнечными лучами или УФ – облучения в ходе лечения.

Нарушения со стороны сердечнососудистой системы.
Следует применять хинолоны с осторожностью у пациентов с известными факторами риска относительно удлинения QT – интервала, такими, как:
  • наследственный синдром удлиненного QT – интервала;
  • одновременное применение препаратов, удлиняющих QT – интервал (например, антиаритмические средства классов 1А и 3, трициклические антидепрессанты, макролиды, антипсихотические препараты).
  • некорректированные электролитные нарушения (например, гипокалиемия, гипомагниемия);
  • сердечные патологии (например, сердечная недостаточность, инфаркт миокарда, брадикардия).
Пожилые пациенты и женщины могут оказаться более чувствительными к QT – удлиняющим препаратам.

Следовательно, при применении фторхинолонов, включая сюда ципрофлоксацин, в данных популяциях следует проявлять осторожность.

Желудочно – кишечный тракт.
Развитие тяжелой и упорной диареи в процессе или же после окончания терапии (включая несколько недель после терапии) может свидетельствовать о колите, связанном с антибиотиком (жизнеугрожающее состояние с возможностью летального исхода), требующем экстренного лечения. В данных случаях ципрофлоксацин следует немедленно отменить, и начать адекватную терапию. В данной ситуации препараты, угнетающие перистальтику, противопоказаны.

Почки и мочевыделительная система.
Сообщалось о случаях кристаллурии, связанной с ципрофлоксацином. Пациенты, получающие ципрофлоксацин, должны адекватно пить, причем следует избегать избыточно щелочной реакции мочи.
Нарушения функции почек. Поскольку ципрофлоксацин в основном выделяется в неизмененном виде через почки у пациентов с нарушением почечной функции требуется корректировка дозировок, во избежание усугубления побочных эффектов препарата ввиду накопления ципрофлоксацина.

Гепатобилиарная система
Сообщалось о случаях развития печеночного некроза и жизнеугрожающей печеночной недостаточности при применении ципрофлоксацина. В случае появления любых симптомов печеночных патологий (таких, как анорексия, желтушность, потемнение мочи, кожный зуд или напряженный живот) терапию следует отменить.

Дефицит глюкозо-6-фосфатдегидрогеназы
Сообщалось о случаях гемолитических реакций при применении ципрофлоксацина у пациентов с дефицитом глюкозо-6-фосфатдегидрогеназы. У таких пациентов следует избегать применения ципрофлоксацина кроме случаев, когда потенциальная польза перевешивает возможный риск. В данном случае, следует наблюдать за возможным развитием гемолиза.

Резистентность
В ходе или по окончании курса терапии ципрофлоксацином бактерии, демонстрирующие резистентность к ципрофлоксацину, могут оказаться изолированными при наличии или отсутствии клинически очевидной суперинфекции. Возможен частичный риск селекции резистентных бактерий в ходе длительного лечения и при лечении нозокомиальных инфекций и / или инфекций, вызываемых стафилококками и псевдомонадами.

Особенности влияния лекарственного средства на способность управлять транспортным средством или потенциально опасными механизмами
Сифлокс может вызвать ослабление внимания и реакций, поэтому пациентам, принимающим Сифлокс, следует ограничить деятельность, связанную с необходимостью быстрой концентрации внимания и высокой реакционной способностью. Алкоголь может усилить влияние неблагоприятных факторов.
Сифлокс орталық жүйке жүйесі тарапынан реакциялар тудыруы ықтимал, олар треморға, ширығуға, бас айналуға, сананың шатасуына, сирек жағдайларда елестеулер мен құрысуларға әкелуі мүмкін. Осыған орай Сифлокс, ми артериосклерозы мен эпилепсияны қамтитын орталық жүйке жүйесінің бұзылыстары бар емделушілерде сақтықпен қолданылуы тиіс.

Сыртартқысында құрысулары бар емделушілерде Сифлокс құрысуға қарсы талапқа сай ем басталғаннан кейін ғана қолданылуы тиіс.

Полинейропатия жағдайлары (ауырулар, ашыту, сезімталдықтың нашарлауы немесе бұлшықеттің әлсіреуі сияқты жекеше немесе біріккен неврологиялық симптомдар негізінде) ципрофлоксацин алған емделушілерде кездесті. Сифлокс қайтымсыз бұзылулардың дамуын болдырмау мақсатында ауыру, ашыту, шаншу, ұю және/немесе әлсіздікті қоса, нейропатия симптомдары бар емделушілерде тоқтатылуы керек.

Ципрофлоксацин мен теофиллин қатар қолданылатын емделушілерде күрделі және өлімге ұшырататын реакция жағдайлары болды. Бұл реакциялар жүректің тоқтап қалуын, құрысуларды, эпилепсия жағдайы мен тыныс алудың бұзылуын қамтыды. Бұл хабарламалар тек теофиллин алатын емделушілердегі осыған ұқсас күрделі теріс әсерлерге қатысты болса да, бірақ осы реакциялардың ципрофлоксациннен болу мүмкіндігі жоққа шығарылмаған. Егер қатар пайдаланбауға болмайтын болса, онда сарысудағы теофиллин деңгейі тексеріліп, дозалануына тиісті түзетулер енгізілуі тиіс.

Хинолондармен емдеу тіпті бір рет қабылдағаннан кейін де аса жоғары сезімталдық реакцияларымен байланысты болуы мүмкін. Сифлокспен емдеу аллергиялық реакцияның алғашқы белгілерінде тоқтатылуы тиіс. Ауыр анафилактикалық реакцияларда кезек күттірмейтін жедел жәрдем қажет болады.

Басқа да дәрілік препараттармен емдеген жағдайдағыдай, ципрофлоксацин қабылдаған бірнеше емделушіде бөртпемен, қызбамен, эозинофилиямен, сарғаю және нәтижесі фатальді бауыр некрозымен сипатталатын күрделі аллергиялық реакциялар туралы ескертулер болған. Бұл реакциялардың ципрофлоксациннен болу ықтималдығы жоққа шығарыла алмайды. Тері бөртпесі немесе аллергияның кез келген басқа симптомдары білінген жағдайда ципрофлоксацин қолдану тоқтатылуы тиіс.

Бактерияға қарсы препараттармен емдеу ішектің қалыпты флорасын өзгертіп, шектен тыс жылдам Clostridia өсуін туғызуы мүмкін. Зерттеулер Clostridium difficile өндірген токсиннің «антибиотиктер туындатқан колиттің» негізгі себептерінің бірі болып табылатынын көрсетеді.

Жалған жарғақшалы колит диагнозы анықталғаннан кейін тиісті емдік шаралар қабылдануы тиіс. Жалған жарғақшалы колиттің бірқалыпты жағдайлары, әдетте, препарат қабылдауды тоқтатқаннан кейін бірден басылады. Орташадан күрделіге дейінгі жағдайларда C. difficile туғызған колитке қарсы клиникалық тиімді бактерияға қарсы препаратпен емдеп, ақуыздарды қосымшалай отырып, сұйықтықтармен және электролиттермен емдеуге назар бөлінуі тиіс.

Сифлоксты қоса, бактерияға қарсы дәрілердің бәрін дерлік қолданғанда жалған жарғақшалы колит орын алды. Осыған орай, бактерияға қарсы дәрілер қабылдау басталғаннан кейін дамитын диареясы бар емделушілерде аталған диагнозға мән беру маңызды.

Әсер ету ауқымы кең басқа да микробтарға қарсы дәрілер жағдайындағы сияқты, Сифлоксты ұзақ уақыт қолдану сезімтал емес микроорганизмдердің қатты өсуіне және асқын жұқпаға әкелуі мүмкін.

Күшті әсер ететін басқа да препараттар жағдайындағы сияқты, ұзақ емдеу аясында бүйрек, бауыр және гемопоэз функцияларын қоса, ағзалар мен жүйелер функцияларын мерзім сайын бағалау ұсынылады.

Сифлокс қолданумен байланысты кристаллурия жағдайлары орын алды. Сифлокс алатын емделушілер жақсы гидратациялануы тиіс, ал несептің шамадан тыс сілтілік реакциясынан аулақ болу қажет.

CYP450: Ципрофлоксацин - бауырлық CYP1A2 ферменті жолының тежегіші. Ципрофлоксацинді ең алдымен CYP1A2 арқылы метаболизденетін (мысалы, теофиллин, метилксантиндер, тизанидин) өзге дәрілік препараттармен бірге қолдану бірге енгізілген препараттар плазмадағы концентрацияларының ұлғаюына алып келеді, әрі бірге енгізілген препараттардың клиникалық мәнді фармакодинамикалық жағымсыз әсерлеріне әкелуі мүмкін.

Ауыр жұқпалар мен грамм-оң және анаэробты патогендермен микст-жұқпалар.

Ципрофлоксацин монотерапиясы ауыр жұқпалар мен грамм-оң немесе анаэробты патогендер туғызуы мүмкін жұқпаларды емдеуге арналмаған. Мұндай жұқпаларда ципрофлоксацин бактерияларға қарсы басқа да тиісті препараттармен бірге қолданылу керек.

Стрептококтық жұқпалар (Streptococcus Pneumoniae тудырған түрлерін қоса).
Ципрофлоксацин, тиімділік деңгейінің талапқа сай болмауына орай, стрептококк жұқпаларын емдеу мақсатында қолдануға ұсынылмайды.

Несеп-жыныс жолдарының жұқпалары.
Фторхинолон – төзімді гонококты уретриттер, цервициттер, эпидидимо-орхиттер және кіші жамбастың қабыну үдерістері Neisseria Gonorrhoeae оқшау штамдарынан туындауы мүмкін. Сондықтан, ципрофлоксацинге төзімді микроорганизмдер болмаған жағдайда, ципрофлоксацин гонококты уретриттерді немесе цервициттерді емдеу үшін қолданылу керек. Эпидидимо-орхиттерді және кіші жамбастың қабыну үдерістерін емдеу үшін, егер деректер негізінде ципрофлоксацинге төзімді микроорганизмдер жоққа шығарылмаса ғана, тек бактерияға қарсы басқа да тиісті заттармен (мысалы, цефалоспорин) біріктіріп ципрофлоксациннің эмпирикалық қолданылуын қарастыру керек. Егер емдеудің үшінші тәулігінде клиникалық жақсару болмаса, препаратты тоқтату керек.

Несеп жолдарының жұқпалары.
Несеп жолдары жұқпаларының дамуында әрекет ететін ең жиі кездесетін патоген – ішек таяқшасы тарапынан фторхинолондарға төзімділік Еуропалық Одақ аумағында әр алуан. Дәрігерлерге фторхинолондарға төзімді ішек таяқшасының жергілікті таралуын есепке алуға кеңес беріледі. Ципрофлоксацинді бір рет енгізу, бағалануы бойынша, ұзақ уақыт емдеудегіден төменірек тиімділігімен байланысты. Ішек таяқшасының хинолондарға төзімділік деңгейінің артуына қатысты бұған зейін қою керек.

Іш қуысының ішіндегі жұқпалар.
Операциядан кейінгі іш қуысының ішіндегі жұқпаларды емдеу тиімділігіне қатысты деректер көлемі шектеулі.

Cаяхатшылар диареясы.
Ципрофлоксацин таңдалғанда барған елдердегі релевантты патогендердің ципрофлоксацинге төзімділігі жөніндегі ақпаратты ескеру керек.

Сүйектер мен буындардың жұқпалы патологиялары.
Ципрофлоксацинді микробиологиялық зерттеу нәтижелеріне қарай бактерияға қарсы басқа да заттармен біріктіріп қолдану керек.

Қаңқа-бұлшықет жүйесі.

Жалпы, сыртартқысында ципрофлоксацин қолданумен байланысты сіңір тінінің аурулары/бұзылулары бар емделушілерде ципрофлоксацин қолдануға болмайды. Сонда да, өте сирек жағдайларда, этиологиялық агентті микробиологиялық зерттеуден және қауіп пен пайда арақатынасын тиянақты талдаудан кейін ципрофлоксацин ондай емделушілерге, атап айтқанда, стандартты ем сәтсіз болған немесе микроорганизмдер төзімді болған жағдайда микробиологиялық тексеру жүзінде ципрофлоксацин қолданылуын негіздеу шартымен кейбір ауыр жұқпаларды емдеу үшін тағайындауға болады.

Ципрофлоксацин қолданған жағдайларда, кейде екі жақты нұсқада және тіпті ем басталғаннан кейінгі алғашқы 48 сағатта тендиниттер мен сіңірлер (әсіресе, Ахилл сіңірлері) үзілуінің дамуы мүмкін. Сіңірлердің қабынуы мен үзілуі тіпті ципрофлоксацинмен емді тоқтатқаннан кейін бірнеше ай өткен соң да болуы мүмкін. Тендинопатия қатері егде жастағы емделушілерде немесе кортикостероидтармен бір мезгілде ем алатын емделушілерде жоғарылауы мүмкін.

Тендиниттің кез келген симптомдары (мысалы, ауырсынулы ісіну, қабыну) болса, ципрофлоксацинмен емдеуді тоқтату керек. Зақымданған аяқ-қолдың тыныштығын сақтаған дұрыс.

Ципрофлоксацин ауыр жалған салдану миастениясы бар емделушілерде абайлап қолданылу керек.

Фотосенсибилизация.
Ципрофлоксацин, дәлелденгендей, фотосенсибилизация реакциясын тудырады. Ципрофлоксацин қабылдайтын емделушілерге емделу барысында күн сәулесіне немесе УК-сәулеленуге тікелей шалдығудан аулақ болу керек.

Жүрек-қантамыр жүйесі тарапынан бұзылулар.
Хинолондарды QT-аралығының ұзаруына қатысты мынадай белгілі қауіп факторлары бар емделушілерде абайлап қолдану керек:
  • тұқым қуалайтын QT-аралығының ұзару синдромы;
  • QT-аралығын ұзартатын препараттарды бір мезгілде қолдану (мысалы, 1А және 3 класты аритмияға қарсы дәрілер, үш циклды антидепрессанттар, макролидтер, антипсихоздық препараттар).
  • түзетілмеген электролиттік бұзылулар (мысалы, гипокалиемия, гипомагниемия);
  • жүрек патологиясы (мысалы, жүрек жеткіліксіздігі, миокард инфарктісі, брадикардия).
Егде жастағы емделушілер мен әйелдер QT ұзартатын препараттарға аса сезімтал болып келуі мүмкін.

Сондықтан, осы жерде ципрофлоксацинді қоса, фторхинолондар қолдану кезінде аталған қауымдарда сақтық таныту керек.

Асқазан-ішек жолы.
Емдеу үдерісінде немесе ол біткеннен кейін ауыр және тұрақтанған диареяның дамуы (емнен кейінгі бірнеше аптаны қоса) шұғыл емдеуді талап ететін антибиотикпен байланысты колитті (өліммен аяқталуы мүмкін қатер үйіретін ахуал) айғақтауы мүмкін. Аталған жағдайларда ципрофлоксацинді дереу тоқтатып, талапқа сай емді бастау керек. Мұндай жағдайда перистальтиканы бәсеңдететін препараттар қарсы көрсетілімді.

Бүйрек және несеп шығару жүйесі.
Ципрофлоксацинмен байланысты кристаллурия жағдайлары жөнінде хабарланды. Ципрофлоксацин алатын емделушілер жеткілікті сұйық ішуі тиіс, осы орайда шамадан тыс несептің сілтілік реакциясынан аулақ болу керек.

Бүйрек функциясының бұзылуы.
Ципрофлоксацин негізінен өзгеріссіз күйде бүйрек арқылы бөлініп шығатындықтан, бүйрек функциясы бұзылған емделушілерде ципрофлоксациннің жиналып қалуына орай, препараттың жағымсыз әсерлері өршімес үшін дозаны түзету талап етіледі.

Гепатобилиарлық жүйе
Ципрофлоксацин қолдану кезіндегі бауыр некрозының және өмірге қатерлі бауыр жеткіліксіздігінің даму жағдайлары хабарланды. Бауыр патологиясының кез келген симптомдары (анорексия, сарғаю, несептің күңгірттенуі, тері қышынуы немесе іштің кернеуі) білінген жағдайда емді тоқтату керек.

Глюкоза-6-фосфатдегидрогеназа тапшылығы
Глюкоза-6-фосфатдегидрогеназа тапшылығы бар емделушілерде ципрофлоксацин қолдану кезіндегі гемолитикалық реакциялар жағдайлары хабарланды. Әлеуетті пайдасы болжамды қауіптен артық болатын жағдайлардан басқа, мұндай емделушілерде ципрофлоксацин қолданудан аулақ болу керек. Осы жағдайда гемолиздің даму мүмкіндігін бақылау керек.

Төзімділігі
Ципрофлоксацинмен емдеу барысында немесе курс аяқталғаннан кейін ципрофлоксацинге төзімділігін көріністейтін бактериялар клиникалық тұрғыда айқын асқын жұқпа болғанда немесе болмағанда оқшауланған болып шығуы мүмкін. Ұзақ уақыт емдеу барысында әрі нозокомиальді жұқпаларды және/немесе стафилококтар мен псевдомонадтар туғызған жұқпаларды емдегенде төзімді бактериялардың ішінара іріктелу қатері болуы мүмкін.

Дәрілік заттың көлік құралын немесе қауіптілігі зор механизмдерді басқару қабілетіне әсер ету ерекшеліктері
Сифлокс зейіннің және реакцияның әлсіреуін туғызуы мүмкін, сондықтан Сифлокс қабылдап жүрген емделушілерге зейін шоғырландыру шапшаңдығын қажет ететін және жоғары реакциялық қабілеттілікпен байланысты қызметті шектеген дұрыс. Алкоголь жайсыз факторлардың ықпалын күшейтуі мүмкін.

Дозировка и способ применения

Препарат назначают внутрь, дозы устанавливают индивидуально в зависимости от локализации и тяжести инфекции, а также чувствительности возбудителя. Таблетки можно принимать независимо от приема пищи, запивая стаканом воды. Однако при одновременном приеме Сифлокса с пищей имеет место замедленное всасывание.

*В целом, лечение Сифлоксом должно продолжаться не менее 2 дней после исчезновения признаков и симптомов инфекции.

Дозировка таблеток для пациентов с почечной недостаточностью
При клиренсе креатинина >50 мл/моль – обычная доза.
При клиренсе креатинина от 30 до 50 мл/моль – 250-500 мг каждые 12 часов.
При клиренсе креатинина от 5 до 29 мл/моль – 250-500 мг каждые 18 часов.
Пациенты на гемодиализе или перитонеальном диализе – 250-500 мг каждые 24 часа (после диализа).

Дозировка таблеток для пациентов с печеночной недостаточностью
Регулирование дозы не требуется.
Препарат ішке тағайындалады, доза жұқпаның орналасуына және ауырлығына, сондай-ақ қоздырғыштың сезімталдығына қарай әркімге жеке белгіленеді. Таблеткаларды тамақтануға байланыссыз стақан сумен ішіп қабылдауға болады. Алайда, Сифлоксты тамақпен бір мезгілде қабылдағанда сіңуі баяулайды.

*Жалпы, Сифлокспен емдеу жұқпаның белгілері мен симптомдары жоғалғаннан кейін кемінде 2 күн жалғастырылуы тиіс.

Бүйрек жеткіліксіздігі бар емделушілер үшін таблеткаларды дозалау
Креатинин клиренсі >50 мл/моль – әдеттегі доза.
Креатинин клиренсі 30-дан 50 мл/моль дейін – әр 12 сағат сайын 250-500 мг.
Креатинин клиренсі 5-тен 29 мл/моль дейін – әр 18 сағат сайын 250-500 мг.
Гемодиализ немесе перитонеальді диализдегі емделушілер – әр 24 сағат сайын 250-500 мг (диализден кейін).

Бауыр жеткіліксіздігі бар емделушілер үшін таблеткаларды дозалау
Дозаны реттеу талап етілмейді.

Взаимодействие с лекарствами

Совместное применение ципрофлоксацина (перорально) и многовалентных катионсодержащих лекарственных препаратов и минеральных добавок (например, кальций, магний, алюминий, железо), полимерных фосфат-связывающих препаратов (например, севеламер), сукральфата или антацидов, и лекарственных препаратов с высоким содержанием буферных растворов (например, диданозин в таблетках), содержащих магний, алюминий или кальций, снижает уровень всасывания ципрофлоксацина. Следовательно, ципрофлоксацин следует принимать или за 2 часа до или спустя 6 часов после приема данных препаратов. Ограничение не распространяется на антациды, принадлежащие к классу Н2 – блокаторов.

Тизанидин: одновременный прием Сифлокса с тизанидином ведет к повышению концентрации тизанидина в сыворотке крови, усугубляется гипотензия и усиливается седативный эффект.

Кофеин: некоторые хинолоны, в том числе ципрофлоксацин, снижают клиренс кофеина и могут продлить период его полувыведения из сыворотки крови.

Метотрексат: почечный канальцевый транспорт метотрексата может ингибироваться при одновременном приеме ципрофлоксацина, что может привести к повышению уровня метотрексата в плазме. В результате может повыситься риск токсических реакций, связанных с приемом метотрексата. Поэтому пациенты, принимающие метотрексат должны находиться под тщательным наблюдением при одновременном назначении терапии ципрофлоксацином.

Антибиотики: одновременное применение ципрофлоксацина и аминогликозидов и бета-лактамных антибиотиков дает аддитивный и синергический эффект.

Эффекты на CYP: Ципрофлоксацин - сильный ингибитор CYP1A2 и слабый ингибитор CYP3A4.

Рост воздействия/токсичности: Ципрофлоксацин может увеличивать воздействие или токсичность глибурида, ропивакаина, теофиллина и оснований CYP1A2 (например, основания включающие аминофиллин, флювоксамин, мексилетин, миртазапин, ропиниролe и трифлюоперазин).

Теофиллин: при одновременном применении сифлокса и теофиллина возможно повышение концентрации в крови последнего. В таких случаях необходимо корригировать дозу теофиллина.

Пробенецид: пробенецид нарушает почечную экскрецию ципрофлоксацина. Совместное применение пробенецида и ципрофлоксацина повышает концентрации ципрофлоксацина в плазме крови.

Омепразол: одновременное применение ципрофлоксацина и омепразола приводит к незначительному снижению максимальной плазменной концентрации и средней концентрации в моче ципрофлоксацина.

Метоклопрамид: метоклопрамид значительно ускоряет всасывание ципрофлоксацина, что приводит к тому, что максимальные плазменные концентрации достигаются быстрее. Значимого воздействия на биодоступность ципрофлоксацина обнаружено не было.

Фенитоин: одновременное применение ципрофлоксацина и фенитоина может приводить к повышению или понижению плазменных уровней фенитоина, следовательно, рекомендуется их мониторинг.

Циклоспорин: при одновременном применении лекарственных препа-ратов, содержащих ципрофлоксацин и циклоспорин, наблюдалось транзиторное повышение концентрации креатинина в плазме. Следовательно, необходимо часто (дважды в неделю) контролировать концентрации креатинина в плазме у таковых пациентов.

Антагонисты витамина К: одновременное применение ципрофлоксацина с антагонистами витамина К может усиливать его антикоагулянтное действие. Риск может быть разного уровня в зависимости от сопутствующих инфекций, возраста и общего состояния пациента, отсюда влияние ципрофлоксацина на повышение МНО (международное нормализованное отношение) трудно поддается оценке. МНО следует контролировать часто на протяжении единовременного применения ципрофлоксацина с антагонистами витамина К (например, варфарин, аценокумарол, фенпрокоумон или флуиндион).

Глибенкламид: в некоторых случаях одновременное применение ципрофлоксацина и глибенкламида может усиливать действие глибенкламида (гипогликемия).

Дулоксетин: в клинических исследованиях было установлено, что единовременное применение дулоксетина с сильными ингибиторами изофермента цитохром Р450 1А2, такими, как флувоксамин, может привести к повышению средней концентрации в моче и максимальной концентрации в плазме дулоксетина. Хотя нет клинических данных за возможное взаимодействие с ципрофлоксацином, сходных эффектов можно ожидать при их единовременном применении.

Ропинирол: было установлено в ходе клинического исследования, что единовременное применение ропинирола, являющегося ингибитором изофермента цитохром Р450 1А2 средней мощности, с ципрофлоксацином приводит к повышению средней концентрации в моче и максимальной концентрации в плазме ропинирола на 84 % и 60 %, соответственно. Рекомендуется мониторинг на предмет побочных эффектов, обусловленных ропиниролом и коррекция дозировок на протяжении и после единовременного применения с ципрофлоксацином.

Лидокаин: на здоровых людях было установлено, что единовременное применение лекарственных препаратов содержащих лидокаин, являющийся ингибитором изофермента цитохром Р450 1А2 средней мощности, с ципрофлоксацином, снижает клиренс внутривенно введенного лидокаина на 22 %. Хотя терапия лидокаином хорошо переносилась, в ходе единовременного применения может происходить возможное взаимодействие с ципрофлоксацином, приводящее к побочным эффектам.

Клозапин: по окончании единовременного применения 250 мг ципро-флоксацина с клозапином в течение 7 суток плазменные концентрации клозапина и N – десметилклозапина были повышены на 29 % и 31 %, соответственно. Рекомендуются клиническое наблюдение и адекватная коррекция дозировки клозапина в ходе и по окончании единовременного применения с ципрофлоксацином.

Силденафил: единовременное применение силденафила с ципрофлоксацином приводит к повышению средней концентрации в моче и максимальной концентрации в плазме силденафила приблизительно в два раза после пероральной дозировки в 50 мг единовременно с 500 мг ципрофлоксацина. Следовательно, следует проявлять осторожность при назначении комбинированной терапии с учетом риска и возможной пользы.

Влияние на результаты лабораторных анализов: изменения параметров лабораторных анализов, которые предположительно могут быть вызваны применением ципрофлоксацина, перечислены ниже:

Печеночные пробы: повышение АЛТ (1,9%), АСТ (1,7%), щелочной фосфатазы (0,8%), ЛДГ (0,4%), билирубина сыворотки крови (0,3%).

Анализ крови: эозинофилия (0,6%), лейкопения (0,4%), тромбоцитопения (0,1%), тромбоцитоз (0,1%), панцитопения (0,1%)

Почечные пробы: Имеются сообщения о повышении уровня креатинина сыворотки (1,1%), АМК (0,9%), а также о кристалурии, цилиндрурии и гематурии.

Продукты питания и молочные продукты: кальций в виде элемента питания не оказывает значительного влияния на всасывание. Однако, единовременное применение молочных продуктов или же напитков, обогащенных минеральными веществами (например, молоко, йогурт, апельсиновый сок, обогащенный минеральными веществами) с ципрофлоксацином следует избегать ввиду возможного снижения всасывания ципрофлоксацина.

Другими изменениями, имевшими место менее чем в 0,1% случаев были: повышение уровня гаммаглютамилтрансферазы сыворотки и амилазы сыворотки, снижение уровня глюкозы крови и гемоглобина, повышенный уровень мочевой кислоты, анемия, геморрагический диатез, повышение количества моноцитов в крови, лейкоцитоз.
Ципрофлоксацин (ішу арқылы) және құрамында катион бар көп валентті дәрілік препараттар мен минералдық қоспаларды (мысалы, кальций, магний, алюминий, темір), полимерлі фосфат-байланыстырушы препараттарды (мысалы, севеламер), сукральфат немесе антацидтерді, әрі құрамында магний, алюминий немесе кальций бар буферлік ерітінділер мөлшері жоғары дәрілік препараттарды (мысалы, таблеткалар түріндегі диданозин) бірге қолдану ципрофлоксациннің сіңу деңгейін төмендетеді. Сондықтан, ципрофлоксацин осы препараттарды қабылдауға дейін 2 сағат бұрын, немесе осы препараттарды қабылдаудан 6 сағат өткен соң қабылдану керек.

Н2 – блокаторлар класына жататын антацидтерге шектеу қойылмайды.

Тизанидин: Сифлоксты тизанидинмен бір мезгілде қабылдау қан сарысуындағы тизанидин концентрациясының жоғарылауына апарады, гипотензия өршиді және тыныштандыру әсері күшейеді.

Кофеин: кейбір хинолондар, соның ішінде ципрофлоксацин кофеин клиренсін төмендетіп, оның қан сарысуынан жартылай шығарылу кезеңін ұзарта алады.

Метотрексат: метотрексаттың бүйректік өзекшелік тасымалы ципрофлоксацин бір мезгілде қабылданғанда тежеліске ұшырап, бұл плазмадағы метотрексат деңгейінің жоғарылауына әкелуі мүмкін. Нәтижесінде метотрексат қабылдаумен байланысты уытты реакциялар қаупінің артуы мүмкін. Сондықтан метотрексат қабылдайтын емделушілер ципрофлоксацинмен емдеу бір мезгілде тағайындалғанда мұқият бақылауда болуы тиіс.

Антибиотиктер: ципрофлоксацин мен аминогликозидтер және бета-лактамды антибиотиктерді бір мезгілде қолдану аддитивті және синергиялық әсер береді.

CYP-қа әсерлері: Ципрофлоксацин - CYP1A2 күшті тежегіші және CYP3A4 әлсіз тежегіші.

Әсері/уыттылығы өсуі: Ципрофлоксацин глибуридтің, ропивакаиннің, теофиллиннің және CYP1A2 негізінің (мысалы, аминофиллин, флювоксамин, мексилетин, миртазапин, ропиниролe және трифлюоперазин бар негіз) әсерін немесе уыттылығын ұлғайтуы мүмкін.

Теофиллин: сифлокс пен теофиллин бір мезгілде қолданылғанда соңғысының қандағы концентрациялары жоғарылауы мүмкін. Мұндай жағдайларда теофиллин дозасын ретке келтіру қажет.

Пробенецид: пробенецид ципрофлоксациннің бүйректік экскрециясын бұзады. Пробенецид пен ципрофлоксацинді бірге қолдану қан плазмасындағы ципрофлоксацин концентрациясын арттырады.

Омепразол: ципрофлоксацин мен омепразолды бір мезгілде қолдану ципрофлоксациннің ең жоғары плазмалық концентрациясының және несептегі орташа концентрациясының мардымсыз төмендеуіне алып келеді.

Метоклопрамид: метоклопрамид ципрофлоксациннің сіңуін айтарлықтай жеделдетеді, бұл оның ең жоғары плазмалық концентрацияларына тезірек жетуіне алып келеді. Ципрофлоксациннің биожетімділігіне елеулі әсер етуі болмаған.

Фенитоин: ципрофлоксацин мен фенитоинді бір мезгілде қолдану фентоиннің плазмалық деңгейлерінің жоғарылауына немесе төмендеуіне әкелуі мүмкін, соған сай, оларға мониторинг жасау ұсынылады.

Циклоспорин: құрамында ципрофлоксацин мен циклоспорин бар дәрілік препараттарды бір мезгілде қолданғанда плазмадағы креатинин концентрациясының транзиторлы жоғарылауы байқалған. Сондықтан, осындай емделушілерде плазмадағы креатинин концентрациясын жиі (аптасына екі рет) бақылау қажет.

К витамині антагонистері: ципрофлоксацин К витамині антагонистерімен бір мезгілде қолдану оның антикоагулянттық әсерін күшейте алады. Қатарлас жұқпаларға, емделушінің жасы мен жалпы жай-күйіне қарай қауіп әртүрлі деңгейде болуы мүмкін, ципрофлоксациннің ХҚҚ (халықаралық қалыптасқан қатынас) жоғарылауына ықпалын бағалаудың қиынға түсетіні содан. ХҚҚ ципрофлоксациннің К витамині антагонистерімен (мысалы, варфарин, аценокумарол, фенпрокоумон немесе флуиндион) бір мезгілде қолданған уақыт бойына жиі бақылап отыру керек.

Глибенкламид: кейбір жағдайларда ципрофлоксацин мен глибенкламидті бір мезгілде қолдану глибенкламид әсерін күшейтуі (гипогликемия) мүмкін.

Дулоксетин: клиникалық зерттеулерде дулоксетинді Р450 1А2 цитохромы изоферментінің флувоксамин сияқты күшті тежегіштерімен бір мезгілде қолданудың дулоксетиннің несептегі орташа концентрациясының және плазмадағы ең жоғары концентрациясының жоғарылауына әкелуі мүмкін екені анықталған. Ципрофлоксацинмен өзара әрекеттесу мүмкіндігі жөнінде клиникалық деректер жоқ болса да, осыған ұқсас әсерлерді олар бір мезгілде қолданылғанда күтуге болады.

Ропинирол: клиникалық зерттеулер барысында Р450 1А2 цитохромы изоферментінің қуаттылығы орташа тежегіші болып табылатын ропиниролды ципрофлоксацинмен бір мезгілде қолдану ропиниролдың несептегі орташа концентрациясы мен плазмадағы ең жоғары концентрациясының, тиісінше, 84 % және 60 % жоғарылауына алып келетіні анықталған. Ципрофлоксацинмен бір мезгілде қолданған уақыт бойына және одан кейін ропинирол тyындататын болжамды жағымсыз әсерлер тұрғысынан мониторинг жасау және дозасын түзету ұсынылады.

Лидокаин: дені сау адамдарда құрамында Р450 1А2 цитохромы изоферментінің қуаттылығы орташа тежегіші болып табылатын лидокаин бар дәрілік препараттарды ципрофлоксацинмен бір мезгілде қолдану көктамыр ішіне енгізілген лидокаин клиренсін 22 % төмендетуі анықталған. Лидокаинмен емдеу көтерімдігі жақсы болса да, бір мезгілде қолдану барысында ципрофлоксацинмен жағымсыз әсерлерге әкелетін өзара әрекеттесу болуы мүмкін.

Клозапин: 250 мг ципрофлоксацинді клозапинмен 7 тәулік бойы бір мезгілде қолдану аяқтала келе, клозапин мен N – десметилклозапиннің плазмалық концентрациялары, тиісінше, 29 % және 31 % жоғарылаған. Ципрофлоксацинмен бір мезгілде қолдану барысында және ол аяқталғаннан кейін клозапин дозалануын талапқа сай түзету және клиникалық бақылау ұсынылады.

Силденафил: силденафилді ципрофлоксацинмен бір мезгілде қолдану 500 мг ципрофлоксацинмен бір мезгілдегі 50 мг ішу арқылы дозалануынан кейін силденафилдің несептегі орташа концентрациясы мен плазмадағы ең жоғары концентрациясының шамамен екі есе жоғарылауына алып келеді. Сондықтан, болжамды пайдасы мен қаупін ескеріп, біріктірілген ем тағайындау кезінде сақтық таныту қажет.

Зертханалық талдаулар нәтижелеріне әсері: ципрофлоксацин қолданудан туындауы жорамалданатын зертханалық талдаулар параметрлерінің өзгерістері төменде тізбеленген:

Бауыр сынамалары: АЛТ (1,9%), АСТ (1,7%), сілтілік фосфатаза (0,8%), ЛДГ (0,4%), қан сарысуындағы билирубиннің (0,3%) жоғарылауы.

Қан талдауы: эозинофилия (0,6%), лейкопения (0,4%), тромбоцитопения (0,1%), тромбоцитоз (0,1%), панцитопения (0,1%)

Бүйрек сынамалары: Сарысу креатинині деңгейінің (1,1%), АМҚ (0,9%) жоғарылауы, сондай-ақ кристалурия, цилиндрурия және гематурия жөнінде хабарламалар бар.

Тағам өнімдері және сүт өнімдері: кальций қоректік элемент түрінде сіңуге елеулі әсерін тигізбейді. Алайда, ципрофлоксацин сіңуінің төмендеуі мүмкін екеніне орай, сүт өнімдерін немесе минералды заттармен байытылған (мысалы, минералды заттармен байытылған сүт, йогурт, апельсин шырыны) сусындарды ципрофлоксацинмен бір мезгілде қолданбау керек.

0,1%-дан аз жағдайларда орын алған басқа өзгерістер мыналар болды: сарысу гаммаглютамилтрансферазасы және сарысу амилазасы деңгейінің жоғарылауы, қан глюкозасы мен гемоглобин деңгейінің төмендеуі, несеп қышқылының жоғары деңгейі, анемия, геморрагиялық диатез, қандағы моноциттер мөлшерінің көбеюі, лейкоцитоз.

Передозировка сифлоксом в таблетках

Симптомы: усиление побочных эффектов, транзиторная нефротоксичность.

Лечение: симптоматическое, необходимо контролировать функции почек (в том числе рН мочи) и при необходимости обеспечивать подкисление в целях предотвращения кристалурии.

После приема ципрофлоксацина следует как можно скорее применить антацидные средства, содержащие кальций или магний, для уменьшения всасывания препарата.

Только небольшое количество ципрофлоксацина (<10%) может быть снижено из тела после гемодиализа или брюшинного диализа.
Симптомдары: жағымсыз әсерлердің күшеюі, транзиторлық нефроуыттылық.

Емі: симптоматикалық, бүйрек функциясын (соның ішінде несеп рН-ын) бақылауға алу, қажет болса, кристаллурияға жол бермеу үшін оның қышқылдануын қамтамасыз ету қажет.

Ципрофлоксацин қабылдағаннан кейін, препараттың сіңуін азайту үшін, құрамында кальций немесе магний бар антацидті дәрілерді мүмкіндігінше тезірек қолдану керек.

Гемодиализден немесе құрсақішілік диализден кейін денедегі ципрофлоксациннің тек аздаған мөлшері ғана (<10%) төмендеуі мүмкін.

Фармакологические свойства

Фармакокинетика

При приеме внутрь ципрофлоксацин быстро всасывается из желудочно-кишечного тракта. Биодоступность препарата составляет в среднем 70%.

Максимальная концентрация ципрофлоксацина в плазме крови достигает 1,2 мкг/мл, 2,4 мкг/мл, 4,3 мкг/мл в течение 1 – 2 ч после приема внутрь в дозе 250 мг, 500 мг, 750 мг соответственно. Остаточные концентрации спустя 12 часов после вышеупомянутых доз 0,1 мкг/мл, 0,2 мкг/мл и 0,4 мкг/мл соответственно. Концентрации в сыворотке увеличиваются пропорционально с дозами выше на 100 мг.

В случае применения ципрофлоксацина с едой, есть небольшая задержка поглощения препарата, приводящего к пиковым концентрациям, которые происходят через 2 часа после приема. Однако объем поглощения не изменяется. Параллельный прием нейтрализующих кислоту средств, содержащих гидроокисид магния или алюминия может уменьшить бионакопление ципрофлоксацина на 90%.

Степень связывания ципрофлоксацина с белками плазмы крови составляет около 20 - 40%.

Препарат достигает терапевтических концентраций почти во всех биологических тканях и жидкостях организма. Концентрации в тканях часто превышают концентрации в сыворотке как у мужчин, так и у женщин. Обычно ципрофлоксацин достигает наивысших концентраций в тканях половых органов, включая простату. Ципрофлоксацин присутствует в активной форме в слюне, секретах носа и бронхов, слизистой оболочке пазух, слизи, содержимом лимфатических пузырьков, брюшинной жидкости, желчи и секретов простаты. Ципрофлоксацин был также обнаружен в легких, коже, жире, мышцах, хрящах и костях. Совсем небольшие концентрации ципрофлоксацина распределяются в цереброспинальной жидкости; пиковые концентрации в цереброспинальной жидкости могут составлять 10% от пиковых сывороточных концентраций.

Ципрофлоксацин - ингибитор цитохрома P450 1A2 (CYP1A2). Взаимодействие ципрофлоксацина и других лекарственных препаратов, прежде всего метаболизированных CYP1A2 приводит к увеличению плазменных концентраций вводимых совместно препаратов и, может привести к клинически отрицательным воздействиям вводимых совместно препаратов.

Coвместный прием пробенецида с ципрофлоксацином приводит приблизительно к 50%-му сокращению ципрофлоксацина при почечном клиренсе и к 50%-е увеличению его концентрации в большом круге кровобращении. Хотя концентрации ципрофлоксацина в желчи – в несколько раз выше, чем концентрации в сыворотке после перорального приема, только небольшое количество от полученной дозы будет выделено из желчи в виде неизмененного препарата. Кроме того, 1 - 2% дозы выделено из желчи в виде метаболитов. Приблизительно 20 - 35% дозы выделено из экскрементов в течение 5 дней после приема. Это может явиться результатом или желчного клиренса или устранения через кишечник. Четыре метаболита были идентифицированы в человеческой моче, которые вместе составляют приблизительно 15% от дозы. Метаболиты имеют антибактериальную активность, но менее активны, чем исходный ципрофлоксацин.

Период полувыведения составляет примерно 4 ч, у пациентов с нарушенной почечной функцией сывороточные концентрации ципрофлоксацина выше, и период полувыведения удлинен. Кинетика ципрофлоксацина у пациентов с острой печеночной недостаточностью не была изучена.

Плазменные концентрации ципрофлоксацина выше в пожилых пациентов (>65 лет) по сравнению с молодыми совершеннолетними. Хотя Cmax увеличено на 16-40%, увеличение средней концентрации в моче составляет приблизительно 30% и может быть, по крайней мере, частично приписано уменьшенному почечному клиренсу у пожилых людей. Полураспад выведения только немного (~20%) продолжительнее у пожилых людей. Эти различия не считаются клинически значимыми.
Ішке қабылдаған кезде ципрофлоксацин асқазан-ішек жолынан тез сіңеді. Препарат биожетімділігі орташа 70 құрайды.

Ципрофлоксацин қан плазмасындағы 1,2 мкг/мл, 2,4 мкг/мл, 4,3 мкг/мл ең жоғары концентрацияларына, тиісінше, 250 мг, 500 мг, 750 мг дозада ішке қабылданғаннан кейін 1-2 сағат ішінде жетеді. Жоғарыда аталған дозалардан кейін 12 сағат өткен соң қалдық концентрациясы тиісінше 0,1 мкг/мл, 0,2 мкг/мл және 0,4 мкг/мл. Сарысудағы концентрация 100 мг жоғары дозамен пропорционалды ұлғаяды.

Ципрофлоксацинді тамақпен қолданған жағдайда қабылданғаннан кейін 2 сағаттан соң жүретін, шыңдық концентрацияға алып келетін препарат сіңуінің аздаған іркілуі бар. Алайда сіңу көлемі өзгермейді. Қышқылды бейтараптандыратын құрамында магний немесе алюминий гидрооксиді бар дәрілерді параллельді қабылдау ципрофлоксациннің биожинақталуын 90%-ға азайтуы мүмкін.

Ципрофлоксациннің қан плазмасындағы ақуыздармен байланысу дәрежесі 20 - 40% жуықты құрайды.

Препарат организмнің барлық дерлік биологиялық тіндері мен сұйықтықтарында емдік концентрациясына жетеді. Еркектерде, сондай-ақ әйелдерде де тіндердегі концентрациясы сарысудағы концентрациясынан жиі жоғары болады. Әдетте ципрофлоксацин жыныс органдарында, простатаны қоса ең жоғары концентрациясына жетеді. Ципрофлоксацин белсенді түрде сілекейде, мұрын және бронхтың секреттерінде, қойнаулардың шырышты қабығында, лимфа көпіршіктері құрамындағы шырышта, іш қуысы сұйықтарында, өтте және простата секреттерінде болады. Ципрофлоксацин сондай-ақ өкпеде, теріде, майда, бұлшықеттерде, шеміршектер мен сүйектерде анықталды.

Ципрофлоксациннің өте аздаған концентрациясы ми-жұлын сұйығына таралады; ми-жұлын сұйығындағы шыңдық концентрациясы шыңдық сарысулық концентрациясының 10% құрауы мүмкін.

Ципрофлоксацин - P450 цитохромы 1A2 (CYP1A2) тежегіші. Ципрофлоксациннің және бәрінен бұрын CYP1A2 метаболизденген басқа дәрілік препараттардың өзара әрекеттесуі бірге енгізілетін препараттардың плазмалық концентрациясының артуына алып келеді және, бірге енгізілетін препараттардың клиникалық теріс әсеріне алып келуі мүмкін.

Пробенецидті ципрофлоксацинмен бірге қабылдау бүйрек клиренсінде ципрофлоксациннің шамамен 50%-дық азаюына және қан айналымының үлкен шеңберінде оның концентрациясының 50%-дық ұлғаюына алып келеді.

Ципрофлоксациннің өттегі концентрациясы ішу арқылы қабылдаудан кейінгі сарысудағы концентрациясынан бірнеше есе жоғары болса да, қабылданған дозаның аздаған мөлшері ғана өтпен өзгермеген препарат түрінде бөлініп шығады. Бұдан басқа, дозаның 1 - 2% өтпен метаболиттер түрінде бөлінген.

Дозаның шамамен 20 - 35% қабылдаудан кейін 5 күн бойына экскременттерден бөлінген. Бұл өт клиренсінің немесе ішек арқылы жойылуының нәтижесі болуы мүмкін. Адам несебінде бәрі бірге шамамен дозаның 15% құрайтын төрт метаболит сәйкестендірілген. Метаболиттер антибактериялық белсенділікке ие, бірақ бастапқы ципрофлоксацинге қарағанда белсенділігі аз.

Жартылай шығарылу кезеңі шамамен 4 сағат құрайды, бүйрек функциясы бұзылған емделушілерде ципрофлоксациннің сарысулық концентрациялары жоғары, ал жартылай шығарылу кезеңі ұзарған. Жедел бүйрек жеткіліксіздігі бар емделушілерде ципрофлоксацин кинетикасы зерттелмеген.

Кәмелетке толған жастармен салыстырғанда егде емделушілерде (>65 жас) ципрофлоксациннің плазмалық концентрациясы жоғары. Cmax 16-40%-ға ұлғайса да, несептегі орташа концентрацияның артуы шамамен 30% құрайды және тіпті болмаса, ішінара егде адамдардағы азайған бүйрек клиренсіне жатқызылуы мүмкін. Жартылай ыдырап шығарылуы тек егде адамдарда (~20%) ұзақтау болады. Бұл айырмашылықтар клиникалық елеулі деп есептелмейді.

Фармакодинамика

Сифлокс является синтетическим антибактериальным средством широкого спектра действия из группы фторхинолонов.

In vitro ципрофлоксацин эффективен против широкого диапазона грамотрицательных и грамположительных организмов. Основной механизм действия заключается в подавлении бактериальной ДНК-гиразы, нарушении синтеза ДНК, роста и деления бактерий; вызывает выраженные морфологические изменения (в т.ч. клеточной стенки и мембран) и быструю гибель бактериальной клетки. Действует бактерицидно на грамотрицательные организмы в период покоя и деления (т.к. влияет не только на ДНК-гиразу, но и вызывает лизис клеточной стенки), на грамположительные микроорганизмы - только в период деления. Низкая токсичность для клеток макроорганизма объясняется отсутствием в них ДНК-гиразы. На фоне приема ципрофлоксацина не происходит параллельной выработки устойчивости к др. актибиотикам, не принадлежащим к группе ингибиторов гиразы, что делает его высокоэффективным по отношению к бактериям, которые устойчивы, например к аминогликозидам, пенициллинам, цефалоспоринам, тетрациклинам и многим др. антибиотикам.

Исследования in vitro показывают, что аддитивный синергизм часто заканчивается, когда ципрофлоксацин принимается совместно с другими антибактериальными агентами, такими как бета-лактамы, аминогликозиды, клиндамицин или метронидазол. Синергетический эффект особенно выражен при комбинации ципрофлоксацина и бета-лактама; антагонизм наблюдался редко.

Ципрофлоксацин эффективен в отношении следующих патогенных микроорганизмов:

Грам-положительные микроорганизмы: Enterococcus faecalis (многие штаммы лишь умеренно чувствительны), Staphylococcus epidermidis (восприимчивые к метициллину), Staphylococcus epidermidis, Staphyolococcus saprophyticus, Streptococcus pneumoniae, Streptococcus pyogenes.

Грам-отрицательные микроорганизмы: Campylobacter jejuni, Citrobacter diversus, Citrobacter freundii, Enterobacter clocae, Escherichia coli, Haemophilus influenzae, Haemophlus parainfluenzae, Klebsiella pneumoniae, Moraxella catarrhalis, Morganella morganii, Neisseria gonorrhoeae, Proteus mirabilis, Proteus vulgaris, Providencia rettgeri, Providencia stuartii, Pseudomonas aeruginosa, Salmonella typhi, Serratia marcescens, Shigella boydii, Shigella dysenteria, Shigella flexneri, Shigella sonnei.

К ципрофлоксацину чувствительны бактерии (MIC ниже 1 мкг/мл):

аэробные грамположительные бактерии: Staphylococcus haemolyticus, Staphylococcus hominis;

аэробный грамотрицательный микроорганизмы: Acinetobacter lwoffii, Aeromonas hydrophila, Edwardsiella tarda, аэрогены Enterobacter, Klebsiella oxytoca, Legionella pneumophilia, Pasteurella multocida, Salmonella enteritidis, Vibrio cholerae, Vibrio parahaemolyticus, Vibrio vulnificus, Yersinia enterocolitica.

Бактерии трудно поддающиеся воздействию препарата: грамотрицательные анаэробные бактерии Burkholderia cepacia, и некоторые штаммы Stenotrophomonas maltophilia Bacteroides fragilis, Clostridium difficile.

Не эффективен в отношении Treponema pallidum.
Сифлокс – фторхинолондар тобына жататын әсер ету ауқымы кең антибактериялық синтетикалық дәрі болып табылады.

In vitro ципрофлоксацин грамтеріс және грамоң организмдердің кең ауқымына қарсы тиімді. Әсер етудің негізгі механизмі бактериялық ДНҚ-гиразаны бәсеңдетуден, ДНҚ синтезін, бактерия өсуін және бөлінуін бұзудан тұрады; айқын морфологиялық өзгерістер (оның ішінде жасуша жақтауы және жарғақшасы) және бактериялық жасушаның тез жойылуын туындатады. Грамтеріс организмдерге тыныш күйінде және бөліну кезеңінде (өйткені тек ДНҚ-гиразаға ғана әсер етпейді, жасуша жақтауының лизисін де туындатады), грамоң микроорганизмдерге - тек бөліну кезеңінде ғана бактерицидті әсер етеді. Макроорганизм жасушалары үшін уыттылығы төмен болуы оларда ДНҚ-гираза болмауымен түсіндіріледі. Ципрофлоксацин қабылдау аясында гираза тежегіштері тобына жатпайтын басқа антибиотиктерге төзімділіктің параллельді өнуі жүрмейді, бұл оны, мысалы, аминогликозидтерге, пенициллиндерге, цефалоспориндерге, тетрациклиндерге және басқа да көптеген антибиотиктерге төзімді бактерияларға қатысты жоғары әсерлі етеді.

In vitro зерттеулері ципрофлоксацинді бета-лактамалар, аминогликозидтер, клиндамицин немесе метронидазол сияқты басқа да антибактериялық агенттерімен бірге қабылданғанда аддитивті синергизмнің жиі бітіп қалатынын көрсетеді. Синергизмді әсері ципрофлоксацин мен бета-лактамды біріктіргенде әсіресе айқын; антагонизм сирек байқалды.

Ципрофлоксацин төмендегі патогенді микроорганизмдерге қатысты тиімді:

Грам-оң микроорганизмдер: Enterococcus faecalis (көптеген штамдар тек орташа сезімтал), Staphylococcus epidermidis (метициллинге сезімтал), Staphylococcus epidermidis, Staphyolococcus saprophyticus, Streptococcus pneumoniae, Streptococcus pyogenes.

Грам-теріс микроорганизмдер: Campylobacter jejuni, Citrobacter diversus, Citrobacter freundii, Enterobacter clocae, Escherichia coli, Haemophilus influenzae, Haemophlus parainfluenzae, Klebsiella pneumoniae, Moraxella catarrhalis, Morganella morganii, Neisseria gonorrhoeae, Proteus mirabilis, Proteus vulgaris, Providencia rettgeri, Providencia stuartii, Pseudomonas aeruginosa, Salmonella typhi, Serratia marcescens, Shigella boydii, Shigella dysenteria, Shigella flexneri, Shigella sonnei.

Ципрофлоксацинге төмендегі бактериялар сезімтал (MIC-1 мкг/мл төмен):

аэробтық грамоң бактериялар: Staphylococcus haemolyticus, Staphylococcus hominis;

аэробты грамтеріс микроорганизмдер: Acinetobacter lwoffii, Aeromonas hydrophila, Edwardsiella tarda, аэрогендер Enterobacter, Klebsiella oxytoca, Legionella pneumophilia, Pasteurella multocida, Salmonella enteritidis, Vibrio cholerae, Vibrio parahaemolyticus, Vibrio vulnificus, Yersinia enterocolitica.

Препарат әсеріне берілуі қиын бактериялар: грамтеріс анаэробты бактериялар Burkholderia cepacia, және Stenotrophomonas maltophilia Bacteroides fragilis, Clostridium difficile кейбір штамдары.

Treponema pallidum қатысты тиімсіз.

Упаковка и форма выпуска

По 10 таблеток помещают в контурную ячейковую упаковку из ПВХ/ПВДХ и фольги алюминиевой. По 1 контурной ячейковой упаковке вместе с инструкцией по медицинскому применению на государственном и русском языках вкладывают в картонную коробку.
10 таблеткадан ПВХ/ПВДХ және алюминий фольгадан жасалған пішінді ұяшықты қаптамаға салады. 1 пішінді ұяшықты қаптамадан медицинада қолданылуы жөніндегі мемлекеттік және орыс тілдеріндегі нұсқаулықпен бірге картон қорапқа салынады.